Жұмыс аймағындағы нысанның сипаттары терезесін қалай ашуға болады
Басқару консолі нысандарының көп бөлігінің сипаттарын нысанның сипаттары терезесінде өзгертуге болады.
Жұмыс аймағындағы нысанның сипаттары терезесін ашу үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
- нысанның контекстік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз;
- нысанды таңдап, ALT+ENTER пернелерінің тіркесімін басыңыз.
Басына оралу